Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

Көже

Көже– ұлттық тағам.Наурыз көже келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген.Кеспе көже, оны жасау үшін жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, арнаулы пышақпен кесілген жіңішке таспа кеспені еті сүзіліп алынған сорпаға қатты қайната отырып себелеп салады.

Кеспе Көже жасау үшін жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, арнаулы пышақпен кесілген жіңішке таспа кеспені еті сүзіліп алынған сорпаға қатты қайната отырып себелеп салады.Салма Көжені жайған жұқа қамырды төрт бұрышты етіп кесіп жасайды.. Тары Көжені ақтаған тарыны сорпаға, сүтке, сүт қатқан суға бөрттіріп жасайды. Бидай Көжені келіге түйіп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып пісіреді. Мұны да қайнаған соң, бұқтырып алады. Міне көже рецепт осындай


Рейтинг@Mail.ru