Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

besbarmak_2

Қазақша ет бешбармақ

9 Қаңтар 2014

Бешбармақтың дайындалуы:

Ет өз қалауыңызша жылқы еті немесе қой еті.

Етті сумен жуып, қазанда қайнатамыз. Ет қайнаған кезде, көбігін алып, тұздап, отты азайтып, 2 сағаттай қайнатамыз. Өз қалауыңызша картоп сәбіз салуға да болады. Етіміз біраз қайнаған соң пизды турап үстінен май сорпасын құйып дайындаймыз.

Енді ет піскенше қамырымызды дайындап аламыз. 2 кішірек кесемен ұнды тостағанға саламыз, 2 жұмыртқа мен бір шай қасық тұз қосамыз. Қамыр сорпаға және маймен иленеді, қамырымыз аса жұмсақ және аса қатты болмауы керек. Қамырдан домалақ жасап, целлофан пакетіне орап, жарты сағатқа қоямыз.

Енді етімізді сүзіп аламыз. Қамырымызды жақсылап жұқалатып жаямыз. Енді қамырымызды май сорпамызға салып , пісіріп піскен дайын қамырымызды легендерге салып , бетіне еттерімізді жақсылап турап ,май сорпамызды құйып етімізді молырақ қылып салып картопты салып , ең бетінен қайта май сорпасын құйып дастарханға қоямыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru