Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

suzbe_koslgan_pirog

Сүзбе қосылған пирог

3 Қаңтар 2014

Бізге керегі:

  • Ұн – 250г
  • Сары май – 125г
  • Қант – 275г
  • Жұмыртқа – 4 дана
  • Тұз дәміне қарай
  • Лимон – 1дана
  • Сүзбе – 750 г
  • Қайнатылған картоп – 3 дана
  • Мейіз – 100г
  • Қаймақ – 100г
  • Манная крупа -25 г
  • Фисташка – 10г

Пирогтың дайындалуы:
Сары май мен ұнды араластырамыз, содан қанттты, бір шым-шым тұз, 1 жұмыртқаны және лимон қабығын 2 ас қасық су қосып барлығын араластырып қамырын дайындаймыз. Дайын қамырымызды фолгаға орап тоңазтқышқа жарты сағаттқа қоямыз. Енді пирогтың ішіне салатын салмасын дайындап аламыз. Сүзбемізді ситодан өткізіп аламыз. Қалған жұмыртқамызды алып ағы мен сарысын бөлек аламыз да ағын жақсылап көпсігенше арластырамыз. Сарысын қалған қантпен қоюланғанша араластырамыз. Картопты майдалаймыз. Мейізімізге қайнаған су құйып , қайта төгіп тастаймыз. Сүзбемізді алып жұмыртқаның сарысы мен қантқа қосып араластырамыз. Енді жаймен картопты қосамыз. Ең соңында жұмыртқаның ағы мен мейізді қосамыз.

Тоңазтқыштағы қамырымызды алып, арнайы қалыпқа салып, жайып қамырымыздың шетінен кобірек жаямыз . Қамырымыздың үстінен дайын салмасын саламыз да қамырымыздың шетін бүгеміз де пешке саламыз.

Пирогымыз піскен соң қаймағымызды жақсылап араластырып пирогтың бетін гүл ұқсатып қаймақпен әсемдеп, майдаланған фисташкамызды сеуіп, жалбыз жапырақтары болса қойып сәндеп дастарханға береміз.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru