Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

podsuboi_salati

Под шубой салаты

22 Желтоқсан 2013

Салат құрамы:

  • Селедка – 300г
  • Картоп – 300г
  • Қызылша – 300г
  • Сәбіз – 150г
  • Майонез – 200г
  • Тұз дәміне қарай

Салат дайындалуы суретімен:
Қызылша, картоп, сәбіз барлығын қайнатып аламыз. Піскен соң сыртын тазалап суытамыз.
Пиязды тазалаймыз да майдалап тураймыз. Селедканы тазалап, майдалап тураймыз. Картоп, сәбіз, қызылшаны үкіштен өткіземіз.
Тарелкамызды алып, үкіштен өткізілген картобымызды дөңгелектеп формасын келтіріп салып бетіне майонез құямыз. Картоп үстінен селедканы саламыз, пияз бен сәбізді салып бетіне майонез жағып, оның үстінен қызылшаны саламыз. Дайын салатымызды аскөкпен және де өз қалауыңызша сәндеуіңізге болады.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru