Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

kizil_telpek_salati_smoll

Қызыл телпек салаты

14 Желтоқсан 2013

Құрамы:

  • 300 г тауық еті
  • 2дана жұмыртқа
  • 3-4дана тұздалған қияр
  • 2дана қызанақ
  • 100г саңырауқұлақ маринатталған
  • Ірімшік
  • 1 ас қасық өсімдік майы
  • Майонез

Салаттар дайындау суретімен:
Бірінші тауық етін пісіріп аламыз. Дайын болған соң алып суытамыз да кубиктеп тураймыз.
Саңырауқұлақты майдалап тураймыз да кішкене майға қуырып аламыз пияз қосып қуырсаңыз да болады.
Жұмыртқаны да қайнатып аламыз да суытып, үкіштен өткіземіз.
Қиярды да үкіштен өткіземіз. Қызанақты майдалап тураймыз.
Енді салатымызды тарлкаға рет ретімен саламыз. Ең бірінші тауық етін саламыз бетінен майонез жағамыз. Тауық етінің үстінен қуырылған саңырауқұлақты саламыз. Әрі қарай үкіштен өткізілген жұмыртқа. Содан қиярды саламыз да майонез жағамыз. Ең үстінен ортасына қызанақты салып, айналасына ірімшікті үкіштен өткізіп саламыз. Кішкене үкіштен өткізілген ірімшікті алып , азғана майонез қосып, дөңгелектеп салаттың ортасынан қоямыз. Міне салатымыз дайын.

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru