Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

sokoladti_tort03

Мерекелік шоколадты торт

6 Желтоқсан 2013

Торт құрамы:

  • Сары май – 100г
  • Жұмыртқа – 3дана
  • Қара шоколад – 100г
  • Ұн – 1 стакан
  • Қант – 0,5 стакан
  • Жеміс шырыны – 3 ст.л
  • Разрыхлитель 5 г

Креміне:

  • 1 плитка қара және сүтті шоколад – 100грамнан
  • Сары май – 200г
  • Жұмыртқа – 1дана
  • Қант ұнтағы 0,5 стакан

Дайындау рецепті:
Бірінші тәтті нандарымызды дайындап аламыз. Жұмыртқамыздың сарысын жарып,қантпен араластырамыз. Шоколад пен сары майды ерітіп араластырып жұмыртқа мен қанттың үстіне құямыз. Ал жұмыртқамыздың ағын жақсылап көпіргенше араластырамыз.Ұнға разрыхлителді қосып, жұмыртқанын ағын қосып, араластырамыз. Екі қоспамызды қосамыз міне қамырымыз дайын. Енді микратолқынды пешке арналған ыдысымызды алып қамырымызды құйып пісіреміз.
Бисківитіміз дайын болғанша кремімізді даярлап аламыз. Бұл үшін қант ұнтағымен жұмыртқамызды және 200грам сары май және ерітілген жарты шоколадбарлығын жақсылап араластырамыз.
Дайын болған бисквитімізді бірнеше бөлікке бөлеміз. Әр бөлігіміздің арасына жеміс шырыннын және креммен жағамыз. Ең үстіңгі бетін және айналасын үкіштен өткізілген шоколад себеміз. Бетін және де өз қалауыңызша әсемдеуге болады.

v

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru