Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

zana_zildik_keks

Жаңа жылдық кекс

4 Желтоқсан 2013

Құрамы :

  • Ұн – 200 г
  • Қант – 100 г
  • Өсімдік майы – 100 мл
  • Сүт – 75 мл
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Қара шоколад – 50 г
  • Мейіз – 1 ас қасық
  • Ақ шоколад – 50 г
  • Клюква – 50 г

Кекс дайындау суретімен:
Пешті қыздырыып, кекске арналған формаларымызды дайындап аламыз. Ұнды алып, оған қантты қосып, сүт пен майды және жұмыртқаны ұнның үстіне жайлап құямыз да араластырамыз. Осы дайын болған қоспамызды екі бөлікке бөлеміз де біріне қара шоколадпен меізді екіншісіне ақ шоколадтты пен клюкваны қосамыз да жаймен араластырамыз. Дайын қоспаларымызды формаларға құйып шығамыз. Пешке салып, 20 минут пісіреміз. Дайын кекстерімізді алып жылыдай дастарханға қоямыз. Бетін өз қалауыңызша сәндеп берсеңізде болады.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru