Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

zana_zildik_salati02

Жаңа жылдық дастарханға арналған салат

4 Желтоқсан 2013

Құрамы:

  • Картоп – 5 дана
  • Жұмыртқа – 6 дана
  • Сәбіз – 2 дана
  • Алма – 1 дана
  • Пияз – 1 дана
  • Тұздалған қияр – 2 дана
  • Маринатталған қызыл бұрыш – 1 дана
  • Жасыл бұршақ – дәміне қарай
  • Тұз , майонез дәміне қарай

Салаттың дайындалуы:
Сәбіз бен картопты сыртын тазалап, қайнатып аламыз. Дайын болған картоп пен сәбізді тарелкаға саламыз. Тұздалған қиярды алып, кубиктеп тураймыз. Картоп пен сәбізді де кубиктеп тураймыз да барлығын тарелкаға салып, үстінен бұршақты саламыз. Алманы тазалап үкіштен өткізіп салатқа қосамыз. Салатқа тұз бен майонез қосамыз да салатты жақсылап формасын келтіріп түзетеміз.
Жұмыртқаны қайнатып , піскен соң суытып қабығын аршып екі бөлікке бөліп сарысын бөлек алып ағын тарелкаға айналдыра қойып шығамыз. Салаттың ортасына жұмыртқаның сарысын үкіштен өткізіп себеміз. Қызыл бұрышпен сағат тілін және сағат сандарын рим цифралымен жасап қоямыз. Міне жаңа жылдық салатымыз дайын.

Кілтсөздері:

2 Comments

  1. makpal айтады:

    Ерекше салат екен міндетті түрде жасап көремін


Рейтинг@Mail.ru