Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

merekelik_disert

Мерекелік десерт

2 Желтоқсан 2013

Десерт құрамы:

  • Жұмыртқа – 4 дана
  • Қара шоколад – 200 г
  • Қант – 150 г
  • Қаймақ 35% – 300мл

Дайындалуы:

Кішілеу ыдысты аламыз да су буында шоколадты ерітеміз де үстінен 100мл қаймақты құйып су буында бірдей қалыпқа келгенше араластырып тұрамыз. Алып суытамыз.

Тағы бір кішілеу ыдыс алып, тағы да су буында жұмыртқаның сарысымен қантты ерітеміз. Үстінен қалған 200мл қаймақты құямыз да жақсылап араластырамыз.

Әр қоспаны бөлек-бөлек кондитерлік арнайы қапшық(мешок) салып ,бокалдарымызды алып, екі қоспамызды дәл суреттегідей салып ең бетін жаңа піскен немесе мұздатылған жемістермен әсемдеуге болады .Жемістерді таңдау әркім өзіне ұнайтын жемісімен сәндеуге де болады.

Кілтсөздері:


Рейтинг@Mail.ru