Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

zana_zildik_salati5

Жаңа жылдық салат

2 Желтоқсан 2013

Салат құрамы:

  • Сиыр еті – 300 г
  • Сәбіз – 2 дана
  • Жұмыртқа – 2 дана
  • Грек жаңғағы
  • Анар дәндері
  • Майонез

Салаттар дайындау суретімен :
Етті пісіріп суытамыз. Сәбіз, жұмыртқаны да пісіріп аламыз.
Енді тарелканы алып барлығын кубиктеп ретімен саламыз. Сиыр етін ең астынан салып, үстінен майонез жағамыз. Сәбізді салып майонез жағамыз. Жұмыртқаны да дәл осылай салып майонез жағып, бетінен айналдыра майонез жағып, аскөкпен сәндеп ең бетінен анар дәндерін үстінен қоямыз да грек жаңғағын салатты айналдыра қойып шығамыз.

One Comment


Рейтинг@Mail.ru