Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

zana_zilga_zemis_torti_smoll

Жеміс торты

1 Желтоқсан 2013

Торттың құрамы:

  • Қаймақ – 1 стакан
  • Ұн – 1 стакан
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Сода – 0,5 шәй қасық

Креміне:

  • Қаймақ – 500г
  • Қант – 100г
  • Ванилин – 1пакет

Бетін әсемдеуге :

  • Жүзім
  • Киви 2-3 дана
  • Алма – 2дана
  • Желе дәміне қарай

Торт жасау әдісі:
1.Бисквит: жұмыртқа мен қант, қаймақ. Сода мен ұнды қосып , жақсылап араластырамыз.
2.Дайын қамырымызды майланған табаға салып пешке салып пісіреміз.
3.Крем: қаймақ пен қантты жақсылап араластырамыз.
4.Дайын бисквитімізді алып , кремімізді жағамыз да тоңазтқышқа 1 сағатқа саламыз
5.Жемістерімізді турап бисквитіміздің үстіне қойып, желені пакетиктегі дайындалуына карап жасап торттың бетіне құямыз.
6.Дайын тортымызды тоңазтқышқа қоямыз.


Рейтинг@Mail.ru