Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

silik_salati

Жаңа жылдық сыйлық салаты

28 Қараша 2013

    Жұмыртқа – 4 дана

    Алма – 1 дана

    Консервіленген қозқұйрық – ½ банка

    Креветка – 150 г

    Жүзім – 4 дана

    Лимон шырыны – жарты

    Тұз дәміне қарай

    Бұрыш

    Майонез

    Піскен сәбіз әсемдеу үшін – 2 дана

Салаттар дайындау суретімен:
Сәбіз бен жұмыртқаны қайнатып аламыз. Жұмыртқаның ағын кубиктеп тураймыз. Алма, қозқұйрық, креветка, жүзім барлығын араластырып тұз, бұрыш сеуіп, лимон шырыны мен майонезді қосамыз.
Тарелканы алып, салатымызды формасын келтіріп төртбұрыштап салып, салаттың бетіне және айналдыра жұмыртқаның сарысын үкіштен өткізіп себеміз. Жанына айналдыра жүзімді қойып шығамыз. Піскен сәбізден салат бетіне бантик жасаймыз.
Мерекелік силық салаты дайын.


Рейтинг@Mail.ru