Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

zana_zildik_salat3

Жаңа жылдық балық қосылған салат

25 Қараша 2013

Бізге керегі:

  • Сәбіз – 2дана
  • Ұсақ балық – 500г
  • Пияз
  • Өсімдік майы – 2 ас қасық
  • Қияр – 2 дана
  • Тәтті қызыл бұрыш дәміне қарай
  • Сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке суы 9%
  • Аскөк
  • Тұз

Салаттар дайындау суретімен:
Пиязды дөңгелектеп тураймыз да сірке суын құямыз. Сәбізді тазалап , ұзыншалап жіңішке етіп тураймыз. Содан сон сәбіз бен пиязымызды араластырып, қыздырылған өсімдік майын құямыз.
Ұсақ балықтарымызды қайнаған суға үш минуттақа саламыз. Әрі қарай ұсақ балықтарымызды алып, суытып майдалап тураймыз.
Қиярды ұзыншалап тураймыз тұз сеуіп сарымсақты үкіштен өткізіп бирге араластырамыз.
Енді барлығын араластырып, тоңазтқышқа қоямыз. Дастарханға қоярда аскокпен сәндеп қоямыз.


Рейтинг@Mail.ru