Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

zana_zildik_sirsa_salati

Жаңа жылдық шырша салаты

18 Қараша 2013

Салат құрамы:

  • Қызылша – 2 дана
  • Сәбіз – 1 дана
  • Картоп – 5 дана
  • Пияз
  • Селедка – 2 дана
  • Майонез

Аскөк және анар дәндері.
Жаңа жылдық алаттың дайындалуы:
Картоп, сәбіз, қызылшаны пісіріп суытып, үкіштен өткіземіз. Сәбіздің кішкене бөлігін алып жұлдыша жасаймыз.
Селедканы тазалап, майдалап тураймыз.
Үлкендеу ыдысқа кезегімен барлығын саламыз.
Картопты, селедканы, пияз, сәбіз, соңынан қызылшаны саламыз. Әрқайсысының арасына майонез жағуды ұмытпаңыз. Салатты шырша тәріздес қылып саламыз. Енді шыршамызды әсемдейміз. Салаттың сыртқы жағын аскөкпен шырша спеттес жасап , сәбізден жұлдыша жасаймыз. Анар дәндерін әржерінен қойып шығамыз.

.


Рейтинг@Mail.ru