Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

merekelik_tort - копия

Мерекелік дастарханға арналған торт

18 Қараша 2013

Қамырына:

  • Жұмыртқа 6 шт
  • Қант 300г
  • Сары май 200г
  • Разрыхлитель 20г
  • Ұн 300г
  • Какао 5ст.л

Креміне:

  • Қаймақ 500мл
  • Крахмал 1ст.л
  • Консервіленген шие 4ст.л
  • Қант ұнтағы жарты стакан
  • Шие ликері
    • Бетін әсемдеуге :

      • Үгітілген шоколад
      • Шие

      Дайындалу әдісі:
      Жұмыртқа мен қантты және сары майды қосып жақсылап араластырамыз. Соңынан ұн, какао салып, қамырымыз қою болуы керек . Торттарға арналған формамызды алып, қамырымызды екі бөлек формаға құйып пешке салып пісіреміз.
      Бисквитіміз дайын болса екі бисквитімізді алып әр бисквитті ортасынан бөлеміз сомен бізде 4 бисквит болуы керек.
      Кремімізді дайындап аламыз. Қаймақ пен қант ұнтағын және ликерді араластырамыз. Консервіленген шиені алып крахмалға бір аунатып алып, кремге қосамыз.
      Әр бисквиттке крем жағамыз да беткі жағын шоколадпен және коктелді шиемен әрлейміз.Дайын тортымызды тоңазтқышқа бірер сағатқа қойып аламыз.


Рейтинг@Mail.ru