Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

baursak

Бауырсақ

1 Қараша 2013

Баурсақ үшін қажетті азық – түлігіміз:

  • сұйық май
  • 1 жұмыртқа
  • Қаймақ
  • Ұн
  • Ашытқы
  • жылы су
  • қант
  • тұз

Ашытқыны дайындап аламыз.
Суға ашытқы, тұз , қант, қаймақ және жұмыртқаны салып, араластырамыз. Үстінен ұнды салып, кішкене сұйық май құйып жібереміз де жақсылап қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып көтерілгенше қойып қоямыз. Қамыр көтерілген соң зуала жасап, қамырымызды жаямыз. Бауырсақты дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесуге де болады. Қазанымызға май құйып, қызған соң бауырсақтарымызды салып пісіреміз.


Рейтинг@Mail.ru