Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

samsa_katparli_smoll

Қатпарлы самса

22 Қазан 2013

Қатпарлы самсаның қамырына керекті азық-түлік:

  • Ұн – 4 стақан
  • Су – шамамен 300 мл
  • Тұз – 1 шай қасық
  • Маргарин – 500 гр

Самса ішіне салынатын салмасына :

  • Фарш -500 гр
  • Пияз – 5 дана
  • Тұз
  • Қара бұрыш

Қатпарлы самсаның дайындалуы:
Ұнға су, тұз, маргариннің үштен бір бөліғін үккіштен өткізіп араластырып , әдеттегідей қатты қамыр илейміз. Илеп болғаннан кейін қамырымызды жарты сағатқа қойып қоямыз. Жарты сағаттан соң дайын болған қамырымызды алып, арасына маргаринді ерітіп жағамыз. Қамырымызды орймыз да, 10-15 минут майы сіңгенше күтеміз. Осы уақтта самса салмасын даярлап аламыз. Фарш, майда етіп туралған пияз, дәміне қарай тұз, бұрыш қосып араластырамыз.
Қамырымызды бөліктерге бөліп , жайямыз. Ортасына фаршымызды салып, үш бұрыштап бүгеміз. Самсаның бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, кунжут сеуіп, қызып тұрған табаға айналдыра салып, пісіреміз.
Қатпарлы самсамыз дайын!


Рейтинг@Mail.ru