Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

chizkeik_smaill

Чизкейк

6 Тамыз 2013

Жеңіл әрі тез дайындалатын чизкейк. Бұл тәтті түрінің дәмі өте тамаша.

  • Чизкейк құрамы:
  • Печенье -200гр
  • Сары май- 150гр
  • Ерітілген ірімшік-300гр
  • Сүзбе – 200гр
  • Қант – жарты стакан
  • Жұмыртқа – 3дана
  • Қаймақ -200гр

Дайындалу рецептісі:

Печеньені алып жақсылап майдалаймыз, Майдалап болған соң сары майды ерітіп печенье үстіне қосамыз . Печеньемен сары майды жақсылап араластырып, нығыздап ыдысқа салып тоңазтқышқа қоямыз.

Қант , сүзбе, ерітілген ірімшікті миксерге салып жақсылап ерітеміз. Енді бір бір жұмыртқадан осы қоспаның үстінен салып отырып араластырамыз. Ең соңынан қаймақты қосып тағы араластырамыз.

Тоңазтқыштағы печеньені алып, формасын келтіріп, үстіне қоспаны жағып қызып тұрған пешке саламыз.

Дайын болған чизкейкті өз қалауыңыз бойынша әсемдеуіңізге де болады. 1-2 сағатқа дайын чизкейкті тоңазтқышқа қойып алыңыз.

One Comment

  1. makpal айтады:

    оте дамди коринеди.
    колымнан келгенше жасап корем


Рейтинг@Mail.ru