Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

marinattalgan_kiar_smaill

Маринатталған қияр

3 Тамыз 2013

Құрамы:

  • Қияр
  • Қара бұрыш
  • Лавр жапырағы
  • Сарымсақ- 1 дана
  • Қант- 3 ас қасық
  • Тұз-2 ас қасық
  • Сірке суы- 1 ас қасық
  • Аскөк ( укроп)M,
  • Су

Банка жабу рецептісі суретімен:

Бірінші, банкілерді жақсылап жуамыз, булаймыз, менде бір литрлік банкілер ал қақпақтарды ыстық суға салып қоямыз. Енді қиярларды жақсылап жуып, банкілерге нығыздап саламыз.

Суды қайнатып, қияр салынған банкіге құямыз да қақпағын жабамыз. Бірер минуттан соң суды төгіп тастаймыз.

Енді қияр салынған банкіге лавр жапырағын, қант, тұз, қара бұрыш дөңгелек, сарымсақ, аскөк және соңынан сірке суынан азған құйып, барлығын салып болған соң үстінен қайнап тұрған су құямыз да қақпағын жауып жапқышпен жақсылап айналдыра жабамыз. Дайын болған банкілерді салқын жерге бір күнге төңкеріп қоямыз.


Рейтинг@Mail.ru