Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

baklazhan_koslgan_salati_smaill

Баклажан қосылған салат

6 Шілде 2013

Құрамы:

  • Баклажан-2дана
  • Қызанақ-2 дана орташа
  • Фета ірімшігі-100гр
  • Салат жапырақтары
  • Өсімдік майы-4 ас қасық
  • Лимон шырыны- 1 ас қасық
  • Базилик
  • Кинза дәміне қарай
  • Сарымсақ
  • Тұз, бұрыш

Дайындалуы:
Баклажанды дөңгелектеп тураймыз, тұз сеуіп біраз уақытқа қойып қоямыз. 20 минуттан соң алып, май құйып духовкаға қоямыз 15 минутқа. Баклажан дайын болғанша, сарымсақ пен аскөкті турап ыдысқа салып, тұз сеуіп кішкене май тамызып араластырамыз. Тарелкаға аскөкті саламыз. Баклажан дайын болса алып суыған соң аскөктің жанына салып, қызанақты турап баклажанның үстінен саламыз, оның үстінен ірімшік саламыз. Салат бетінен лимон шырынынын құямыз.
Салат дайын.

Кілтсөздері:, , , ,

One Comment

  1. saule айтады:

    ммм керемет! істеп көру керек екен.


Рейтинг@Mail.ru