Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

dimlama

Дімләмә

6 Қазан 2014

Бізге керегі:

  • Ет – 1 кг
  • Пияз – 2 дана
  • Сәбіз – 1-2 дана
  • Болгар бұрышы – 2 дана
  • Картоп – 5-6 дана;
  • Орамжапырақ
  • Қызанақ 2 дана
  • Тұз
  • Дәмдеуіштер дәміне қарай

Дайындалуы:
Қазанды қыздырып, туралған етті саламыз. Пиязды ірі етіп турап еттің үстіне саламыз.
Сәбізді де ірілеу етіп турап саламыз да артынша картоп пен болгар бұрышын салып , үстінен қызанақты саламыз. Тұз және де дәмдеуіштерді себеміз. Ең бетінен орамжапырақты айналдыра салып, бір стакан су құйып бұқтырамыз.


Рейтинг@Mail.ru