Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

alma_koslgan_kuzgi_salat

Алма қосылған күзгі салат

27 Қыркүйек 2014

Бізге керегі:

  • Тауық еті
  • Сәбіз 1дана
  • Алма 1-2дана
  • Салат жапырақтары
  • Зәйтүн майы 2 ас қасық
  • Лимон шырыны 2 шәй қасық
  • Тұз, бұрыш дәміне қарай

Дайындалуы:
Тауық етін жақсылап жуып, қазанға салып тұз сеуіп су құйып пісіреміз де дайын болған соң суытып, ұсақтап тураймыз. Алманы тазалап жуып ортасындағын дәндерінен тазалап, төртбұрыштап тураймыз. Сәбізді тазалап үкіштен өткіземіз. Салат жапырақтарын қолмен үзіп-үзіп барлығын ыдысқа саламыз.
Енді зәйтүн майын алып оған лимон шырынын, тұз және бұрыш салып араластырып, ыдыстағы салатымызға қосып жақсылап араластырып салатымызды тарелкаға саламыз.

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru