Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

sokolad_suzbe_rulet

Шоколад пен сүзбе қосылған рулет

23 Сәуір 2014

Нанына керегі:

  • Жұмыртқа – 2дана
  • Ұн – 3 ас қасық
  • Какао – 2 ас қасық
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) – 0,5 шәй қасық
  • Қант – 2 ас қасық

Салмасы :

  • Сүзбе – 400г
  • Жұмыртқа – 1дана
  • Қант – 3ас қасық
  • Сүт – 50мл
  • Ванилин

Бетін сәндеуге:

  • Қант ұнтағы
  • Какао
  • Шоколад

Дайындалуы:
Ыдысқа сүзбе, қант, жұмыртқа мен сүтті қосып жақсылап араластырамыз.
Шоколадты қамырын дайындаймыз. Жұмыртқаны қантпен араластырып, ұнды қосамыз да какао мен қопсытқышты қосып қасықпен араластырып қамырымызды даярлап аламыз.
Пешімізді жағып табамызды алып май жағып, сүзбе салмасын салып тегістеп үстінен шоколадты қамырымызды саламыз да тегістеп пешке салып пісіреміз.
Піскен соң алып бетіне қант ұнтағын себеміз де бетіне сүлгі жауып табамызды төңкереміз. Енді жаймен піскен тәттімізді ораймыз. Рулетімізді тоңазтқышқа қойып аламыз да дастарханға қоярда шоколадты етітіп құйып , қант ұнтағын себеміз.

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru