Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

sie_sokolad_balmuzdak

Шие мен шоколад қосылған балмұздақ

20 Сәуір 2014

Құрамы:

  • Сүт – 1 стакан
  • Қаймақ – 2 стакан
  • Қант – 180 г
  • Жұмыртқа – 2 дана
  • Шие – 100 г
  • Қара ашы шоколад – 100 г

Балмұздақ жасау әдісі:
Шиені жуып тазалап, сүйегін аламыз. Ыдысқа салып, шиемізді тоңазтқышқа қоямыз. Ашы қара шоколадымызды да алып үкіштен өткізіп тоңазтқышқа саламыз.
Жұмыртқаны жарып жақсылап копсігенше араластырып, қант салып әрі қарай жақсылап араластырамыз. Енді сүт пен қаймағымызды саламыз да қоюланғанша араластырып арнайы балмұздаққа арналған ыдысқа салып тоңазтқышқа 2 сағатқа қоямыз.
2 сағатсан соң аламыз да шоколадты сеуіп, бетіне шиені қоямыз. Шие консервіленген шие болса да болады.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru