Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

kuimak06

Жемістер салынған құймақ

19 Наурыз 2014

Құймақ құрамы:

  • 2 жұмыртқа;
  • 2 стақан сүт;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 2 ас қасық қант;
  • 0,5 шай қасық тұз;
  • 0,5 шай қасық ас содасы;
  • 2 ас қасық сұйық май.

Құймақ дайындау:

Құймақ қалай жасалады. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз. Құймағымыздың барлығын пісіріп алып, арасына қолда бар жемістерді алып турап бір қасық қаймақмен араластырып құймақтың арасына салып ораймыз да дастарханға қоямыз.

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru