Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

Пісіруді қажет етпейтін құлпынай торты2

Құлпынай торты

3 Наурыз 2014

Бізге керегі:

  • 150г шоколадты печенья
  • 60г ерітілген сары май
  • 250г құлпынай
  • 300г құлпынай иогурты
  • 200г сүзбе
  • 100г қант
  • 200мл қаймақ
  • 2 ас қасық желатин
  • 50мл сүт

Торттың дайындалуы;
Тортарға арналған қалыпты алып астына арнайы жылтыр қағазды төсейміз. Печеньемізді майдалап, сары майды қосып, жақсылап араластырып қалыпқа формасын келтіріп салып тоңазтқышқа саламыз. Жыл сүтке желатинді салып бұқтырамыз да суытып аламыз. Басқа бір ыдысқа йогуртты , сүзбе мен қантты миксермен араластырамыз да тортбұрыштап тұралған құлпынайымызды салып араластырып дайын қоспамызды алып желатиннің үстіне құямыз.Барлығын жақсылап араластырап, тоңазтқышқа 30 минутқа саламыз. Қаймақты копіргенше араластырып тоңазтқыштағы қоспамызды алып қаймағымызды қосып араластырып дайын муссты дайын печеньеден жасалған тортымыздың үстінен құямыз. Дайын тортымызды бір түнге тоңазтқышқа қоямыз.
Ертесіне тортымызды тоңазтқыштан алып, ақырын тортты қалыптан алып тарелкаға салып , бетін үкіштен өткізілген шоколадпен және құлпынаймен әрлейміз.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru