Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

koktem_salati03

Көктемгі салат

2 Наурыз 2014

Құрамы:

  • Капуста 100гр
  • Қияр 1дана
  • Ақ нан 1тілім
  • Салат жапырақтары 2-3дана
  • Зәйтүн майы дәміне қарай
  • Тұз, қара бұрыш

Салаттар дайындау суретімен:
Капустаны және қиярды ұзыншалап жіңішке етіп тураймыз.
Нанымызды алып құрғақ табада қызартып аламыз да тураймыз.
Салат жапырақтарын қолымызбен бөлеміз.
Капуста, қияр, нан салат жапырақтарын барлығын араластырып дәміне қарай тұз , бұрыш себеміз. Ең соңынан зәйтүн майын қосып дайын салатымызды тарелкаға салып, өз қалауыңызша қызанақпен сәндеп дастарханға қоямыз.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru