Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

kuimak_tort

Құймақтан жасалған торт

23 Ақпан 2014

Бізге керегі:

  • Ұн 1,2стакан
  • Сода 1шәй қасық
  • Қант 0,5 ас қасық
  • Тұз 0,2 шәй қасық
  • Какао 4 ас қасық
  • Өсімдік майы 4,5 ас қасық
  • Ванилин 2 шәй қасық
  • Сүт 1,5 стакан
  • Қаймақ 1 стакан
  • Шоколад 90гр

Құймақ тортын дайындау әдісі:
Ең алдымен ұн, сода, какао, қант, тұзды араласытрамыз. Бұған өсімдік майын, ванилин мен сүтті қосамыз. Табаны қыздырып, кишкене майлап, дайын қамырымыздан табанын ортасына құйып бетіне көпіршіктер шыққан соң екінші бетін аунатамыз. Құймақтарымыз дайын болған соң суытып, қаймақ пен қантты жақсылап араластырып құймағымызға жағамыз да, беткі жағына ерітілген шоколадтты құйып, қолда бар жемістермен сәндеп дастарханға қоямыз.

Кілтсөздері:, ,

One Comment

  1. Тортты қалай жасайды? Видео салып жіберіңдерші


Рейтинг@Mail.ru