Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

kurdak

Қуырдақ

10 Ақпан 2014

Бізге керегі:

  • 1 кг ет
  • 500 г өкпе
  • 500 г бауыр
  • 300 г жүрек
  • 200 г бүйрек
  • 300 г құйрық май
  • 2 бас пияз
  • 1 шай қасық бұрыш
  • 1 ас қасық тұз қажет

Қуырдақ дайындау:
Ең алдыменқызып тұрған қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бүрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады. Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға қояды.

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru