Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

tatti_nan

Үй жағдайында жасалатын тәтті нан

10 Ақпан 2014

Құрамы:

  • 500 г жоғарғы сортты ұн
  • 2 шәй қасық тұз
  • 7 г ашытқы
  • 30 г зәйтүн майы
  • 300 мл жылы су
  • 1 ас қасық қант

Дайындалуы:
Ең алдымен жылы суға қант пен ашытқыны салып біраз уақытқа қойып қоямыз. Ұнды алып оған тұз салып араластырамыз. Ұнымыздың үстінен ашытқы мен қант салынған суымызды құямыз, зәйтүн майын қосып жақсылап араластырып қамыр илейміз.Дайын қамырымызды дөңгелектеп бетіне сүлгі жауып, 30 минутқа көтерілгенше қойып қоямыз.Жарты сағаттан соң қамырымызды алып, сопақшалап нанның формасын жасап табаға салып тағы 10-15 минут бетін жауып қоя тұрамыз. Енді нанымыз көтерілген соң пешке салып пісіреміз.

Кілтсөздері:, , ,


Рейтинг@Mail.ru