Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

ui_zagdainda_zasalatin_tort

Үи жағдайында жасалатын торт

31 Қаңтар 2014

Қамырына:

  • Жұмыртқа – 1дана
  • Сүзбе – 200г
  • Қант – 1ст
  • Ванилин – 1пакетик
  • Разрыхлитель – 1пакетик
  • Ұн – 300г

Креміне:

  • Сүт – 1/2л
  • Жұмыртқа – 1дана
  • Қант – 1ст
  • Ванилин – 1пакетик
  • Ұн – 3 ас қасық
  • Сары май – 150г
  • Грек жаңғағы – 150г
  • Бетін сәндеу үшін шоколад. – 100г

Торт дайындау тәсілдері:
Сүзбені қантпен араластырып, оған ванилин, жұмыртқа және разрызлител қосамыз. Енді жаймен ұнды қосамыз да қамыр илейміз.
Қамырымызды бірдей қылып бірнеше бөлікке бөлеміз. Қамырыларымызды жұқалап жайып бетін шанышқымен тесеміз. Енді сковородкамызды кептіріп қыздырып аламыз да қамырымызд екі жағын пісіреміз..
Енді дайын қамырларымызды алып жан жағын бірдей қылып дөңгелете кесеміз.
Кремімізді дайындап аламыз:
Жұмыртқаны жарып қантпен жақсылап көпіргенше араластырамыз. Ванилин мен ұнды қосамыз. Енді сүтті қосып баяу отқа қойып, қоюланғанша араластырамыз.
Дайын кремімізді суытып сары май мен жаңғағымызды қосамыз.
Енді дайын корждарымызды алып әр қайсысының арасына және айналдыра жағып бетінен үгітілген күлшемізді сеуіп , шоколадымызды үкіштен өткізіп ең бетінен айналдыра сеуіп қоямыз.

Кілтсөздері:,


Рейтинг@Mail.ru