Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен

Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.

Біздің сайтта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.

Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің сайтпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.

napolion_tort

Наполеон торты

26 Қаңтар 2014

Наполеон торты құрамы:

  • Сары май немесе маргарин – 400 гр
  • Жұмыртқа – 2 дана
  • Су – 150 мл
  • Ұн – 650-700 гр
  • Сірке суы (уксус) – 3-4 тамшы
  • Тұз – пышақтың ұшындай

Кремі үшін:

  • Сары май -300-350 гр
  • Тәтті сүт (Сгущенка) – 1 банка

Наполеон торты дайындалуы суретімен :

Ұн маргаринді немесе сары майды қосып, үстіне суға 3-4 тамшы сірке суын тұз жұмыртқаларды салып араластырып құйып, қамыр илейміз.
10-12 бөлікке бөліп тоңазтқышқа саламыз.
Наполеон торты тоңазытқыштан шығарып, әр қайсысын жайып, үстін шанышқымен тесіп шығамыз , пешке салып пісіреміз.
Піскен тәтті нандарымыздың 2-3еуін жан-жағын және үстін әсемдеуге алып қоямыз.

Кремді дайындаймыз. Алдымен бөлме жылуымен еріп тұрған сары майымызды миксермен 2-3 минут шамасында араластырамыз, майымыздың үстіне тәтті сүтімізді құямыз , тағыда миксермен араластырамыз.
Наполеон торты кремді әр тәтті нанымыздың арасына жағып шығамыз.
Алып қойған 2-3 тәтті нанымызды қолымызбен үгітіп, жан-жағына, үстіне сеуіп шығамыз. Кремі сіңуі үшін тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қоямыз.

Кілтсөздері:, ,


Рейтинг@Mail.ru